Қорғаныс вице-министрі Майкеевке қатысты сот басталды


60 жастағы вице-министр аса ірі көлемде пара алды деп айыпталуда. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Майкеев таныс кәсіпкерге бюджеттің миллиардтары бөлінген тендерді ұтып беруге әуде етіпті. Ал ауызбастырыққа 2 млн доллар сұраған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 3 ай бұрын сол ақшаны көлігінде санап алып жатқан жерінде Майкеевтің қолына кісен салған-ды. Бірақ өзі кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.