Қорғаныс вице-министрі қазақша сұраққа орысша жауап бергеніне өкінді

Виктор Киянский, Мәжіліс депутаты:

-Бітімгершілік операцияға қатысуға арналған шығындарды  халықаралық ұйымдармен әріптес мемлекеттердің өтеуі туралы мәселесі  айтылады. Сұрақ. Нақты айтқанда қандай шығыстар және қандай жағдайда өтеледі?

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

-Спасибо, за вопрос! Каждая операция по поднятию мира, имеет собственный бюджет.

Киянскийдің қазақша сұрағына генерал-майор осылайша орысша сайрап кетті. Кейін вице-министр бұл қылығына қатты өкінетінін айтып ақталып бақты. Генерал бұған өзінің тіл білмейтіндігі емес, аңғалдығы себеп болғанын айтады.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

-Қазақша жауап беруге мүмкіндік болды. Аудармасын тыңдап отырып, орысша ойланып, орысша айтып жіберіппін. Кейін өкініп қалдым.

Loading...