«Қорғас ісі» бойынша сотталғандар жазаларын қысқартуды сұрады


Арыз сот үкімімен келіспеген барлық сотталушыдан түскен. Енді олардың жазасын жеңілдету үшін адвокаттары тырысып бағуда. Ол үшін арыз талаптарын да дайындай келген қорғаушылар, соттан қылмысқа қатысты жаңа құжаттарды іске тіркеп, бірнеше куәгерден жауап алуды сұрады. Қазақ-Қытай шекарасында контрабандалық жолмен табыс тапқан 45 адамға сот үкімі 12-ші сәуірде шыққан. Қылмыстық топты ұйымдастырушы бұрынғы лауазымды тұлғалардың дені 13 пен 16 жыл аралығында, ал қалғандары 5 жылдан 10 жылға дейін темір торға тоғытылған болатын.