Жалпы сомасы 100 млн. теңге болатын бұл тауарлардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Бұл туралы облыс прокурорлары кезекті алқа отырысында мәлімдеді.
Олардың ақпаратынша, аймақтағы кедендік бекеттердің барлығында - «Алатау - ЦТО», «Талдықорған», «Іле» және «Қорғас» бекеттерінде осындай жағдай туындаған. Орташа алғанда, бұл бекеттерде жылына 60 млрд. теңгенің тауары кедендік тазартылады.
Уақытша сақтау қоймаларынан (УСҚ) кейде бұл тауарлар ұрланады.
Осылайша, Іле аудандық сотының үкімімен Аманқұлов контрабанда үшін сотталды. 7 млн. теңгенің жүгі мемлекет пайдасына тәркіленді. Алайда контрабандалық жүк іс жүзінде мемлекеттің пайдасына өтпей, УСҚ-дан заңсыз шығарылған. Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.
Контрабандалық валютаның мемлекеттің пайдасына өткізілмегені анықталды. «Қорғас» бекетінің сақтау камерасында 11 580 АҚШ доллары және 200 қытайлық юань көлеміндегі ақша табылды. Бір жыл бұрын заңды күшіне енген сот үкіміне сәйкес бұл қаражат мемлекет кірісіне өтуі тиіс еді.
Облыс прокуратурасы қаражатты мемлекетке өткізу бойынша ұйғарымы енгізілді.