Қорғас «құрғақ портының» өнеркәсіптік аймағында 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылады - А. Баталов


Облыс әкімінің айтуынша, Алакөл, Панфилов, Ұйғыр, Райымбек аудандарының шекаралас елді мекендері ынтымақтастық нүктелері болмақ.

«Алтынкөл стансасының маңында Қорғас «құрғақ портының» өнеркәсіптік аймағы қуатты дамитын болады. Ол жерде 10 мың жұмыс орны құрылып, 50 мыңнан астам адам өмір сүретін болады. Сондықтан, жаңа қала салуға алаң дайындау мақсатында Бас жоспар мен осы аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын әзірлеуге кірістік», - деді Алматы облысының әкімі А. Баталов.