Қорғаста 111 келі дәрі-дәрмек тәркіленді

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ШЫХО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Кеден қызметінің қызметкерлері, шекарашылар және экономикалық тергеу қызметінің Nokia мен Philips маркалы 205 ұялы телефон, 82 ішік (қаракүзен) және 111 келі дәрі-дәрмекті тәркілегені хабарланып отыр.

Қазіргі уақытта тәркіленген тауардың құнын анықтау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сондай-ақ, бұл қылмысқа қатысы бар адамдар анықталу үстінде.