Қорғаста шекарадан 70 ішікті заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

 

Үлбір ішіктер кедендік бақылау кезінде табылды. Ішіктер целлофанға, төсек-орын жабдықтарына оралған, оларды ұрлап тасушылар әкеле жатыпты. Барлығы алты сөмке болған - олардың ішіндегі заттар рентген-аппарат арқылы анықталды.


Кеден бекеті өкілдерінің айтуынша, ішіктердің біразы қарапайым күртелермен аралас салынған. Ұсталған контрабандалық партияның құны анықталып жатыр.