«Қорғастан» саудагерлердің өткізген тауардың көлемі Ерғожинді шошытты

Осы даудан соң Қаржы министрлігі мамыр айында халық жиі тұтынатын тауарларға салық салу туралы жаңа ережені бекіткен болатын. Бұған дейін жұрт Қытайдан сатып алған ұсақ-түйегін шекарадан тегін өткізетін. Осыны пайдаланғандар тауарды сөмкемен емес, тіпті бірнеше жүк көліктерімен алып өтетінді шығарыпты. Шенеуніктердің кеденнен өтетін тауардың барлық түріне салық салуы саудагерлерге жақпай шу шығарған есте. Алайда, атқамінерлер шектеу енгізілгелі бюджетке аударылған түсім артты деп отыр. Ал саудагерлерге бизнесін әділ жүргізуге кеңес беріп отыр.

Дәулет Ерғожин, Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы:

-Сол сөмкелерді өткізіп беретіндердің жолын кестік. Шекарадан ішіктен бастап люстраға дейін өткізіп жатыр. Ал құжатқа жеке қажеттілік үшін деп көрсетеді. Алайда, оны сатуға әкеле жатқанын білеміз. Сондықтан кәсіппен айналысқысы келетіндер тіркеуге тұрып салық төлеуі тиіс. 

Loading...