Қоршаған ортаны қорғау министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы болып Қанат Мұсапарбеков тағайындалды, деп бүгін комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қ.Мұсапарбеков бұл тағайындауға дейін Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілеттіктері кеңейтілді.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне мелиорациялау мәселесін қоспағанда су ресурстарын басқару және балық шаруашылығын дамыту функциясы мен өкілеттіктері берілді.