"Келесі жылдан бастап біз табиғатты пайдалануға рұқсат беру процедурасын тұжырымдамалық тұрғыда өзгерту керек",- деді Н.Ысқақов. "Табиғатты пайдалануға рұқсат қоршаған ортаны ластайтын заттар мөлшеріне белгіленген шектеу нормативін бұзбайтын кәсіпорындарға ғана берілетін болады. Қалған кәсіпорындар не жабылады, немесе, жұмысы уақытша тоқтатылады",- деді министр.
Сонымен бірге ол "табиғатты пайдалану ережелерінен ауытқымайтын кәсіпорындарды ынталандыруға шара қолданылатынын" атап өтті. Министрдің айтуынша, "табиғат қорғау шараларына қатаң бағынатын кәсіпорын жоспарлы тексеру аясына қамтылмайтын болады. Егер олар жақсы жұмыс істесе, бізге оларды тексере берудің қажеті жоқ қой",- деді Н.Ысқақов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті