Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты пайдаланушыларды қатыстыра отырып қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізбекші

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында тараптар компаниялардың келешек қызметі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстар жайлы талқылады. Атап айтсақ, министр ірі жер қойнауын пайдаланушыларды қатыстыра отырып таяу уақыттарда қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізуге бастама көтерді. Министрдің бастамасына компания басшылары қолдау білдірді, делінген хабарламада.