Қос елдің азаматтығы бар әйелге ірі көлемде айыппұл салынды

Қазақстан мен Түркия азаматтағын иеленген әйел адамға 453 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Алматы қаласы көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Алматы әуежайында 1987 жылы туған әйелдің екі азаматтығы – Түркия мен Қазақстан бар екені анықталыпты.

Ұсталған әйелге шетел азаматтығын алғанын дер кезінде хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама толытырылып, жаза тағайындалды. Ол 453 мың 800 теңге айыппұл төлейтін болды.