Қос елдің азаматтығын алған батысқазақстандыққа 91 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2007 жылғы наурызда РФ азаматтығын алған ол, 2012 жылдың қаңтарында Зеленов ауданы Поливное ауылында ҚР азаматы ретінде қайта тіркелген. Яғни күші жойылуы тиіс қазақстандық жеке куәлік пен төлқұжатты пайдалануға жол берген.

Аталған азаматқа 50 АЕК түрінде (80900 теңге) айыппұл салынды.