Қос Корея арасында атыс болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған комиетті таратқан мәліметте КХДР тарапы бірінші оқ атқаны айтылады. Содан кейін екінші тарап ескерту ретінде оқ атқан. 

Одан бөлек, Оңтүстік Корея тарапы КХДР мен байланысқа шығып, бұл оқиғаның шиеленісіп кетпеуі үшін шекарадағы жағдайды анықтауға тырысқан.


Ақпаратқа сүйенсек, құрбандар жоқ. Дегенмен бекеттегі әскери дайындық күшейтілген.