Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.
«Жоғарыдан жарлық түсті ме, жоқ әлде өздері жол бастағысы келді ме, қалың елді дүр сілкіндіріп, бет бұрғызар сенсация қажет болды ма, қаумалай қамап, құмырсқадай жабылып «көкжалды құлатсақ» кезек бізге тиеді, біз болмағанда кім болады, біз бастамағанда кім бастайды деген пендешілік жеңді ме – не себеп болды?! Кім біледі?.. Тіпті осының бәрі де болуы мүмкін!..» дейді жазба авторы.
Сондай-ақ, Т.Кенжебаев бұл даудың әдебиетте жүрген талай таланттардың тағдырына да әсері болғанын астарлап айтады.
«Екі Мұхтардың жай-күйі – бүгінгі қазақ әдебиетінің символдық бейнесі.
Алайда бұл тек – Айдың бергі, жарық беті. Арғы қараңғы жағында жолынан адасқан қанша жан, жалын шарпыған қанша адам, қаншама тағдыр қалды!.. Алысқа бармай-ақ, кешегі мезгілсіз кеткен Әмірхан (Балқыбек. 2014 жылы сәуірде қайтыс болды – ред.) мен Таласбекті (Әсемқұлов. 2014 жылы қыркүйекте қайтыс болды) алайық... Жалғыздық – талантты адамның пешенесіне жазылған қасірет. Қасиет те – сол. Дегенмен, менің ешкімді кінәлап, қаралағым жоқ... Біздікі тек көрген-білген жайттарды ортаға салып, арылу ғана!.. Әркімнің ар соты бар. Одан қалса, иә... Алла бар!.. Құдайдан қайтсын!.. Ай-Күннің аманында олар неге өз ортасынан жырақтап жалғыз қалды? Қанша жыл жұмыссыз жүрді. Екеуі де...» дейді ақын.