Араққа сылқия тойып алған азамат отшашуды тұтатпаққа талпынады. Бірақ пиротехника 10 саусағын осып түскен. Қос қолынан айрыла жаздаған жігіттің әрекеті басқаларға сабақ болар емес. Жаңа жылдың келгеніне қарамастан тарсылдатып отшашу атып жатқандар көп. Салдары қайғымен тынуда. Қазір еліміздің ауруханалары денесін күйік шалғандарға лық толы. Мәселен, Астанадағы жедел-жәрдем мерекелік күндері тәулігіне 2 мың шақыртуға барған. Оның үстіне әлі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер аузы арақтан босамай уланып қалғандардың да көптігін айтады.