"Қош болыңдар, бәріңді жақсы көремін": Атыс кезінде қоштасу видеосын жолдаған Орынбор қазағы тірі қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kp.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыр жарақаттан аман қалған этникалық қазақ қазірдің өзінде қайтадан соғысуға дайын. Медициналық комиссия мен дәрігердің үкімінен кейін ол қайта оралуы мүмкін.

Азамат оқтың астында қалып, "қош болыңдар, бәріңді жақсы көремін" деген қоштасу видеосы арқылы танылған болатын. Дәл уақытында оған көмек көрсетіліп, өлімнен аман қалды.


Этникалық қазақтың Орынбор облысындағы шалғай ауылдардың бірінде тұратыны белгілі болды.