Қошқарата қалдықтар қоймасында рекультивациялық жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталды

"Жобаны жүзеге асыру Маңғыстау облысының тұрғындары үшін қоршаған ортаның экологиялық ахуалының жақсаруына, қоршаған ортаның компоненттеріне көрсетілетін антропогендік ауыртпалықтың азаюына және халық арасындағы радиофобияның азаюына алып келеді", - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығының орынбасары Орынбасар Тоғжанов.

Оның айтуынша, 20 мың шаршы метрден астам аумақ 25-сантиметрлік бетон қабаты құйылып, оның үстінен гидроизоляциялық материалмен қапталды. Бұдан кейін осынау темірбетон саркофаг бір метр топырақпен көміледі. Оның үстіне жасыл желек пен шөп егіледі.