"Қоштасқым келмейді": Режиссер Ақан Сатаев танымал фильмде ойнаған әйелі Назира Бақаевамен ажырасты

Бұл туралы Caravan.kz  медиа-порталы хабарлайды.

Ол өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде былай деп жазба қалдырды:

"Әр түрлі қауесет пен болжамдардан аулақ болу үшін Назира екеуіміз жеке өміріміздегі маңызды өзгерістер туралы ресми түрде айтуды жөн көрдік. Біз сіздердің түсіністікпен қарайтындарыңызға сенеміз және осы мәселеде біздің жеке шешімімізді құрметтеуіңізді сұраймыз.

Бір-бірімізге деген терең ризашылық сезімімен, бірге өмір сүрген жылдар үшін, оның барлық қиындықтарымен және бақытты сәттерімен бірге өткен жолымыз үшін, бес әдемі бала үшін, отбасы құрғанымыз үшін, қолдау, сүйіспеншілік, көптеген құнды сабақтар үшін, ризашылық пен достық қарым-қатынаспен бір-бірімізбен жолымыз екі бөлек айрылды.
Енді біз ерлі-зайыптылар емеспіз, бірақ балаларымыздың сүйікті ата-аналары болып қала береміз. Біз Назирамен жақын дос болып қала береміз және осы әлемде Жаратушы Иеміз бізге берген өмір жолының әрқайсысы үшін алғыс білдіреміз және бір-бірімізге шын жүректен  бата береміз."


Желі қолданушылары әр түрлі пікірде. Кейбірі бақыт тілесе, кейбірі себебін сұрап, өкініш білдіруде. Ал, әріптестері режиссерға сәттілік тілеп, бәрі жақсы болады деп пікір жазуда.

Еске салсақ, Назира Бақаева режисер Қанымбек Қасымбековтің  "Қоштасқым келмейді" фильмінде Мейрамбек Бесбаевпен бірге басты ролді ойнаған болатын.

Ал Ақан Сатаев "Жаужүрек мың бала", "Томирис", "Анаға жол" және тағы да басқа кинотуындылардың режисеері.