Қостанай диқаншылары биыл астықты аз жинады


Алдын-ала деректерге қарағанда, облыста 4 млн 518 мың тонна бидай бастырылған. Орташа өнімділік бір гектардан 11,1 центнер, деді ол.
2013 жылы Қостанай облысында 4 млн 14,5 мың гектар жерден 4 млн 596 мың тонна бидай жиналған болатын. Өткен жылы астық жинау науқаны қазан айында аяқталған. Облыс бойынша өнімділік 11,4 центнер болған.
Демек, биыл облыс диқаншылары былтырғыға қарағанда 1,7% аз астық жинаған.
Алдында белгілі болғандай, ауа-райының қолайсыздығынан аймақта астық жинау науқаны созылып кеткен болатын.
"Аймақта аяз басталып кетті, жанар-жағар май қатып қалып жатыр, техника тартпай қалды, астықтың біраз бөлігі қардың астында қалып қойды”, деді ол.