Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, өндірістік қуаты бойынша зауыт сағатына 90 тонна өнім өндірмек.
2013-2014 жылдары компания бірнеше инновациялық өнімдер әзірлеген. Олардың қатарында хризотил талшығы мен ілеспе жыныстар негізінде минерал ұнтағы мен бекіту қоспасын жасау жобасы бар. Мұндай қоспалар жолды пайдалану мерзімін 25-30 жылға дейін ұзартып, ойық-шұңқырлар қалыптасуына кедергі келтіреді және жол салу мен пайдалану шығынын 30 пайызға қысқартады.
Болашақта зауыт карналлит, магнезиялы цемент, әйнек-магний төсем сынды жаңа өнімдер алмақ.