Caravan Logo

Қостанай облыстық дихандар егін орағына кірісті

Қостанай облыстық дихандар егін орағына кірісті

Облыстың басқа аудандарындағы түсім жинау науқаны бір, бір жарым аптадан кейін басталғалы отыр. Ал жаппай астық дақылдарын жинау жұмыстары бидай толық пісіп-жетілген кезде, қыркүйек айында қолға алынбақшы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыс бойынша 3 млн. гектар алқапқа тұқым себілген. Оның 2,7 млн. гектарына бидай егілді. 110 мың гектар алқап қатты сортты элиталық бидайға арналды.
Департамент мамандарының бағалауынша, астықтың ахуалы жақсы. Алдын-ала мәлімет бойынша, әрбір гектардан 9 центнерден кем емес мөлшерде түсім жианалады деп күтілуде. Осындай жағдайда жалпы түсім 2,7 млн. тоннаға жетпек.
Аудандық ауылшаруашылығы басқармаларының мәліметі бойынша, шаруашылықтар иелігіндегі 8660 комбайндардан егін орағына 8000-нан астамы дайын болды. Сондай-ақ, сүйретпе жабдықтар да науқанға толыққанды әзірлік ахуалында.