Қостанай облыстық мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық бақылау департаментінің бұрынғы басшылары пара алған үшін сотталды


МАҚБ департаментінің бұрынғы басшысы Александр Ен пара алғаны, ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және басшылық жасағаны, қызметтік бабын теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы блыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сот үкімі бойынша оған тоғыз жылға қатаң режімді колонияға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
МАҚБД бөлім басшысы Қайрат Қасенов, МАҚБД басшысының орынбасары Елдос Ағытаев және аталмыш департамент бөлімінің маманы Наталья Чемпалова пара алғаны және қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Қ.Қасенов жалпы режімді колонияға жеті жылға, Е.Ағытаев пен Н.Чемпалова жалпы режімді колонияға бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұрын хабарланғандай, МАҚБД басшысы, оның орынбасары және бөлім басшысы құрылыс-монтаждық және өзге жұмыстарға мемлекеттік лицензия бергені үшін пара алды деген айыппен 2014 жылы наурыз айында ұсталды. Н.Чемпаловаға пара алуда мердігер болды деп күдік келтірілді.