Қостанай облыстық Қаржы полициясының бастығына шабуыл жасау дерегі бойынша бірнеше болжамдар айтылуда - ІІД

"Қазіргі уақытта 24-ші бап (қастандыққа дайындық және қастандық жасау) және 96-шы бап 2-тармақ (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында тергеудің объективтілігі үшін қажет оқиғаның бірнеше болжамдары қарастырылуда. Ол болжамдардың арасында Самат Әшімбаевтың қызметтік іс-әрекетімен байланыстысы да бар", - деп түсіндірді Е. Кашарина.

Оның айтуынша, кеше Қаржы полициясының қызметкерлері баспасөз мәслихатын өткізген. Онда олар өз басшыларына жасалған шабуылды оның кәсіби қызметімен байланысты өлтіру әрекетіне барумен бірдей санайтындықтарын хабарлаған.

Қазіргі уақытта арнайы жедел-іздестіру тобы құрылған. Оған облыстық ішкі істер департаментінің қаржы полициясының өкілдері енген. Күдіктіні тұтқындауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізілуде. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты деп бағалауда.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 21-желтоқсан күні белгісіз ер адам Қостанай облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығын пышақтап кеткен болатын.