Асыл тұқымды мал шаруашылығы –репродуктор 800 ірі қара малға есептелген. Жобаны жүзеге асырған жергілікті "Терра" ЖШС.
Жобаның жалпы құны 1 млрд 71,6 млн теңге.
"Шаруашылыққа 800 ірі қара мал сатып алынды. Мал шаруашылығы кешенінде бордақылайтын алаңша, сумен қамсыздандыру жүйелері, мал қора, электрмен қамту жүйелері, әкімшілік тұрмыстық бөлмелер бар", деп атап өтті әкімшіліктен.
Жыл сайын 427 ірі қара мал мен 600 тонна ет сату көзделген.