Қостанай облысында 13 тоннадай спиртті өнімдер заңсыз айналымнан шығарылды

Мәселен, 2004-жылдың тамыз айында Қостанайда қолдан жасанды спиртті өнімдер дайындап сататын екі жасырын цех табылды. Бұл дерек бойынша әкімшілік істер қозғалып, іс материалдары Қостанай қалалық сотына жіберілді.

Жалпы алғанда 2004-жылдың 7 айында Қостанай облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері 10,6 млн. теңгенің акциздік өнімдерін заңсыз айналымнан шығарды. Соның ішінде 3,2 млн. теңгенің 6,5 тонна этил спиртін, 2,4 млн теңгенің 7,3 тонна спиртті өнімдерін тапты.