Қостанай облысында 2 адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды - ТЖМ

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 2 қаңтарда Қостанай облысының Тобол ауылында көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 72 жастағы ер адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.

Сонымен бірге, оқыс оқиға 2 қаңтарда 12 сағат 30 минутта Денисовка ауылындағы жай үйде болды. 51 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.

"Көмір жағатын пештің ақауы оқыс оқиғаның шығуына себеп болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.