Ведомствоның хабарлауынша, Д.Жансейітовтің өзіне бағынышты бөлімнің жетекшісі Ю.Григоренко арқылы жеке тұлғадан облыс аумағында бағдаршам нысандарын салу жұмыстарының орындалуы туралы актіге қол қою және жалпы қамқорлығына алу үшін 2 млн. теңге алғандығы анықталған.
Қазіргі уақытта Д.Жансейітов пен Ю.Григоренко қылмыстарын толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.