Надежда Потапованың денесі саяжайдан табылды, деп хабарлайды Alau.kz. Оның артында екі кішкентай қызы қалған.
32 жастағы Надежда 26 қыркүйек күні Лисаковта жоғалған болатын. Оны жұрт жабылып іздеді. Бұл іске туыстарымен қатар интернат тәрбиеленушілері мен колледж студенттері де тартылды. Өз бизнесі бар әйел интернатта ұстаз болып жұмыс істепті.
Қазір бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған.