"Қостанай облысының аумағындағы көші-қон жағдайы уақытша келген шетелдік азаматтар санының өсуімен сипатталады",- деп хабарлады Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жеңіс Омаров.
Баспасөз қызметінің ақпарттарына сүйенсек, шетелдіктердің басым бөлігін Ресей мен Өзбекстан азаматтары құрайды. Қазақстан Республикасының аумағына келу ережесін бұзғаны үшін 3 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылып, 419 адам ел аумағынан шығарылған. Көші-қон заңы көбінесе Өзбекстан азаматтары тарапынан бұзылады.
Көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдік жұмыс күштерін тартудың заңдылығы мәселесіне қатысты заңды және жеке тұлғаларды тексеру барысында 56 заң бұзушылықты анықтаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті