Қостанай облысында адасып кеткен аңшылар құтқарылды

Қостанай аймақтық аэроұтқыр құтқарушылар тобы жетекшісінің орынбасары Алексей Севыриннің айтуынша, Алтынсарин ауданында екі адам жоғалды деген хабар отрядқа 22-ақпанда таңертең келіп жеткен. Екі аэрошанаға мінген үш аңшы Үлкен Чураковка және Обаған өзенінің маңындағы Қарасу ауылдары арасында аң аулап жүрген. Бірақ саятшылыққа шыққан үш адамның біреуі ғана оралып, құтқарушылардан көмек сұрайды.

Аэроұтқыр құтқарушылар тобы адамдарды іздеуге шығады. Үш қарда жүргіш көлікке мінген жергілікті аңшылар да хабарсыз кеткендерді іздеуге кірісті. Қарлы бұрқасынға қарамастан іздестіру шарасы күні бойы жалғасты.
А.Севыриннің айтуынша, жоғалған аңшылар тек 22-ақпан күні кешке қарай әрең табылды. "Аңшылар тірі болып шықты, бірақ, түрлі деңгейде үсікке шалдыққан оларға дәрігерлік көмек талап етіледі",-дейді А.Севырин.