Қостанай облысында әйел адам көлік ішінде өртеніп кетті

Қостанай облысында 5 тамызда болған жол апатынан әйел адам қаза тапты, - деп хабарлайды Alau.kz.

Басылымның мәліметінше, көлік соғысуы салдарынан көлік өртеніп, әйел адам қаза тапқан. Полиция өкілдері әзірше пікір білдірмеді. Жол-көлік оқиғасы 5 тамызда Қостанай облысында тасжол бойында болған. Нәтижесінде бірнеше адам зардап шеккен, олардың ішінде бала бар.