Полицияның ақпаратына сәйкес, "Тимофеевка-агро" ЖШС егіншілер бригадасының механизаторлары "әлдебір оқиғаны атап өтпек болады". Сөйтіп олар кәсіпорын жуырда ғана сатып алған шетелдік тракторлардың жабдықтар жиынтығына кіретін әйнек тазартуға арналған сұйықтықты спиртті ішімдіктің орнына қолдануға шешім қабылдайды.
Соның салдарынан үш механизатор оқиға орнында мерт болса, екеуі Әулиекөл ауылындағы аудандық аурухананың реанимация бөлімшесінде есін жимастан қаза тапты. Жеңіл түрде уланған алты адам дәрігерлердің бақылауына алынды.
Аурухананың бас дәрігері Сергей Шульгиннің айтуынша, барлық науқастардың ішкі органдарына ауқымды ақау келген. Оған сұйықтық құрамындағы метанол себепкер болса керек.