Қостанай облысында ауылшаруашылығындағы жалпы өнім мөлшері артты

Ең жоғарғы өсім көрсеткіші құс өсіру саласында байқалып отыр. Құстар саны өткен жылмен салыстырғанда 192,7 мың басқа артқан. Осыған сәйкес жұмыртқа өндіру көлемі 21 миллион данаға артты. Сауылған сүт мөлшері 153,6 мың тоннаны құраған. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2,2 мың тоннаға артық. Жалпы өндірілген еттің 94,8 проценті мен сүттің 92,7 проценті жеке шаруа қожалықтардың үлесінде. Өнеркәсіптік және жеке шаруа қожалықтарындағы құс етін өндіру көлемі өзара тепе-тең. Облыста асыл тұқымды малшаруашылық субьектісінен 21 саналады. Олардың арасында асыл тұқымды мал зауытынан 7, жасанды тұқымдандыру жөніндегі дистрибутивтік орталықтан 1, асыл тұқымды мал шаруашылығынан 13 тіркелген. Бұл субьектілерде 29,3 мың ірі қара мал, 700 жылқы, 9,7 мың қой, 42,2 мың құс бар.