Қостанай облысында балалар құқығын қорғау департаменті құрылды

"Департаменттің бақылау және басқа да функциялары бар. Бірінші кезекте біздің департамент Қостанайлық балалардың ахуалын зерттеп, талдамақшы. Бірақ бұл жұмыстар семинар-жиындар түрінде емес, жағдай балалардың өзінен сұрап -білу арқылы анықталады", -деп мәлімдеді жаңа департаменттің директоры Ольга Ковалевская.

Департаментте 20 адам қызмет етеді. Оның басты мақсаттарының бірі -балалар үйлері мен интернаттар түлектерін баспанамен қамтамасыз ету. Сонымен бірге, департамент өзін-өзі жазым етуге бейім балалармен шұғылданатын болады.

О. Ковалевскаяның айтуынша, департамент жұмысының мақсаты - "балаларға қатысты қаталдық пен олардың құқығының бұзылуының алдын алу және осындай оқиғаларға тез арада жауап қату". "Біз балалардың тақсыреті туралы әрбір хабарға жедел жауап қататын боламыз", - деді О. Ковалевская.

Департаментте бұған қоса +7(7142)54-76-44 телефоны бойынша "шұғыл телефон" желісі жұмыс істеуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті