Қостанай облысында бір тәулік ішінде жиырмадан астам жол апаты орын алды

Қостанай–Затобол тас жолында бірнеше жеңіл көлік соқтығысуы салдарынан бес адам зардап шекті.

Қостанайда «Хонда» көлігі тайып кетіп Жигулиге барып соғылған, ол бағыттық автобусқа соғылып, тағы бір жеңіл көлікпен түйісті. Осының салдарынан екі адам зардап шекті.

Рудный қаласында көктайғақта жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып ол ауруханаға түскен.


Жолдардағы жағдайдың нашарлауына байланысты әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерді мұқият болып, қауіпсіздік сақтауға шақыруда.