Қостанай облысында болған орманды-далалық өрттен келген шығын көлемі 140 мың теңгені құрады

Осынау орманды-далалық өрт 2003-жылдың 3-қыркүйегінде болған. Өртке шалдыққан жалпы аумақ 1700 гектарды, оның ішінде 89 гектары орманды алқапты құрайды. Өрт сол күні аыздықталды. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметін құрамының 43 адамы мен 6 техникасы, басқа да әртүрлі ұйымдардың 18 адамы мен 6 техникасы, орман шаруашылығының 31 адамы мен 1 техникасы, сондай-ақ, жергілікті тұрғындар арасынан 18 адам жұмылдырылды.