Қостанай облысында бұрын-соңды болмаған күн райынан егіннің пісуі кешеуілдеп жатыр


Диқандардың астықты жинайтын уақыты келсе де, егін алқабының жартысы әлі жап-жасыл. Сондықтан диқандар егіннің жартысын ғана жинап алған. Оның үстіне ауа райының қолайсыздығы да астықты жинауға кедергісін келтіруде. Ал орылған бидай жауынның кесірінен ылғалданып тұр. Оны арнайы техникамен кептіру үшін де жанармай жеткіліксіз. Облыс атқамінерлері мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған деп отыр.