Қостанай облысында диқандар 476,5 млн теңге қарыз болды


Облыстық ауылшаруашылық басқармасы мәлімдегендей, диқандардың  несие бойынша қарыздары 2014 жылы жалпы 474 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар, 2012-2013 жылдар ішінде диқандарда 2,5 млн теңге қарыз қалған.
Диқандар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыздарымен есептесуі тиіс болатын.
Қарызын өтемегендер айыппұл төлейді. 1 қаңтардан бастап бұл жалпы қарыздың 10%-ы болды. Алайда, қазір «Азық-түлік корпорациясы» басшылығы диқандарға жеңілдік беру туралы шешім қабылдады. Қаңтардың соңына дейін қарызын жабатындарға тек 2%, ақпан айында – 3%, наурыз айынан бастап қайта 10% құрамақ.