Қостанай облысында астық ору науқаны жылдағыдан екі аптаға кеш басталды. Көктемде толассыз жауған жауын кесірінен егінді кеш салғандықтан, әрі қазір де жер ылғал болғандықтан, бидай дер уақытында пісіп үлгермеген. Енді тағы да күзгі жаңбыр шаруаларына қол байлау болып отыр. Бірер сағатқа күн ашылса болды, диқандар астық орып үлгеру үшін алқаптарына жүгереді.
Еркебұлан Досымов, шаруа қожалығының басшысы:
-Жаңбыр бермей отыр. Былтыр да өте жаман жағдайда болдық. Қар кезінде жинадық. Биыл олай болмас деп ойлаймын.
Диқандар әзірге әр гектардан 30 центнерден бидай алып жатыр. Дегенмен, шығымы жақсы болғанымен сапасына көңілдері толмайды.
Сабыржан Досымов, диқан:
-Биыл өнім болғанымен, бидайдың ақуызы шамалы. Дәнде 27-28 пайыз ақуыз болу керек болса, ол не бары 19. Жазда ауа-райы желді, әрі ылғалды болғандықтан астыққа дұрыс күн түспеді.
Енді Қостанайдың алқаптарына техника 2 күннен соң, яғни жер кепкенде бір-ақ шығады. Қазанның ортасы таяп қалса да, егістіктің жартысынан көбіне орақ тимеген. Сондықтан егін орағы қарашада бір-ақ бітуі мүмкін. Онда да күн ашық болып тұрса ғана.
Loading...