Қостанай облысында электр қуатының бағасы айтарлықтай қымбаттайды

"1 мамырға дейін Қостанай облысын электр қуатымен қамтамасыз ететін барлық компаниялардың тарифтерді көтеру жөнінде тапсырған арыздары қарастырылады. Ондағы тарифтер бүгінгі электр қуаты бағасынан 20 пайызға артық ", - деді Н. Пичкарев.

Ол атап өткеніндей, "олардың бәрінің бір ғана себебі көрсетілген- "Екібастұз"АЕS электр қуатының 1 киловат сағатын 2 теңге 18 тыйыннан 3 теңге 25 тыйынға дейін көтерілгендігі".

"Электр қуатын сатып алу құнының өсуі 49% болып белгіленсе, тұтынушылар үшін жіберілетін тариф 23,5% көтеріледі. Яғни, қазір тұтынушылар 6,07 теңгені төлеп отырса, ал біздің жасаған есеп -қисабымыз бойынша арызда 8,723 теңгені көрсеттік", - деді "Қостанай Энергоорталық" ЖШС қаржы және экономика жөніндегі директоры.