Қостанай облысының Денисов және Әулиекөл аудандарында екі адам үсіп өлді, деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Облыста температураның төмендеуіне байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою үшін жол ұйымдарының, азаматтық қорғаныс және ішкі істер органдарының өкілдері кіретін шұғыл штаб жұмыс істеп жатыр.
"Қостанай облысында Денисов және Әулиекөл аудандарында 1990 және 1968 жылы туған екі әйелдің үсіп өлгені жайлы деректер бар", - деп хабарлады ведомстводан.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға метеорологиялық мәліметтерді қадағалап отыруға кеңес береді, қатты қажеттілік болмаса сыртқа шықпаған жөн және балаларды серуендеуге жібермеу керек.
Автокөлік иелері мүмкіндігінше алыс жолға шығудан бас тартып, көлікті төмен температураға дайындау қажет. Ал егер ұзақ жолға шығуға тура келсе, жылы киімдеріңізді алып жүріңіз. Мұның бәрі сақылдаған аязда қиындықты болдырмауға көмектеседі.