Caravan Logo

Қостанай облысында еріген қар суы бірнеше тұрғын үйді басып қалды

Қостанай облысында еріген қар суы бірнеше тұрғын үйді басып қалды

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап  хабарлайды. 

Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, Саяжай төрт елді мекендерінде 12 жеке тұрғын үй мен 20 ауланы су басты. Қазіргі кезде жағдай тұрақталды. 

Өңірде мониторинг және су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Бұған дейін Зайсан көшелерін еріген қар суы басып қалған еді.