Қостанай облысында есірткілік қылмыстардың саны арта түсуде - прокуратура

"2008 жылдың 10 айында есірткіге қатысты ахуал шиеленісе түсті. Мәселен, егер өткен жылдың осы мерзімінде 519 қылмыс тіркелсе, бүгінгі күні оның саны 560-тан асты", -деді А. Иманғалиев.

Жылдың басынан бері күш құрылымдарының қызметкерлері 1,5 тонна есірткі тәркілеген. Оның 150 килограммы ауыр есірткі түрлеріне жатады.