Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысының Әулиекөл ауданы, Құсмұрын ауылында 18 қыркүйекте барак үлгісіндегі алты пәтерлі үйдің бір пәтерінде 10 сағат 20 минутта газды-ауалы қоспаның жарылысы болып, ол 4 шаршы аумақты шарпыған өртке ұласты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс "тұрмыстық газды жабдықты тұтыну ережелерін бұзудан" болған.
Оқыс оқиға салдарынан түрлі дәрежеде күйікке шалдыққан 80 және 65 жастағы екі адам ауруханаға жатқызылды.
Өртті ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметі 3 адам мен 1 техниканың күшімен 10 сағат 35 минутта сөндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті