Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Әулиекөл АІІБ қызметкерлері Жетіқара қаласында ҚР Қылмыстық кодексінің "кісі өлтіру" және "қарақшылық шабуыл" жөніндегі екі бабы бойынша күдікті деп танылған 20 жастағы жігітті қолға түсірді. Бұл Әулиекөл ауылында екі әйелді өлтіруге қатысты іздеуде жүрген үшінші күдікті. Ол кезде қылмыскерлер екі сауда орнынан 845 дана алтын бұйымдарды алып кеткен болатын. Екінші қылмыскерді тәртіп сақшылары Ресей аумағында ұстады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, операция барысында сонымен қатар 127 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Жауапкершілікке тартылғандардың 8-і алыс шетелдердің, 119 -ы ТМД елдерінің азаматтары, 22 шетелдік Қазақстан аумағынан аластатылды. Төлқұжат ережелері мен көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстанның 58 азаматы, құжатсыз немесе тіркеусіз тұрғаны үшін 13 азамат жауапкершілікке тартылды. 4 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жаза жүктеді", -деді көші-қон полициясының бастығы, полиция полковнигі Жеңіс Омаров.
"Мигрант" іс-шарасы 24 желтоқсанға дейін созылады.