Қостанай облысында халық тегін балыққа таласты

Мына фотолар Меңдіқара ауданындағы Долбушка ауылындағы қазіргі жағдайды көрсетеді. Көк шалғынның үстінде жер бауырлаған балықтарды жергілікті жұрт бала-шағасымен бірге қап-қап қылып жинап алып жатыр. Тұрғындар мұндай нөсердің соңғы рет қашан болғанын да білмейді. Он күннен бері мұнда жаңбырдың 3 айлық мөлшері жауыпты. Өкінішке қарай, бұл ауылдықтарды балыққа қарқ қылғанымен, егін егу жұмыстарына үлкен кедергі келтіруде. Ал, мамандардың болжамынша, жауынды ауа-райы аптаның соңына дейін жалғасайын деп тұр. 

Loading...