Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Көлдің жағасында мұнда балық аулауға тыйым салынғанын білдіретін белгілер бар. Алайда оларды ескермеген жергілікті тұрғын су жағасында балық аулап отырып суға құлап кеткен.
ҚазАқпарат тілшісімен телефон арқылы сөйлескен ТЖД өкілі оған қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін баяндап берді: суға батып бара жатқан балықшыны жақын маңда жүрген ерлі-зайыптылар байқап қалып, көмекке асыққан. Кейінірек оларға кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат та қолұшын созбақ болған. Оқиға үш ер адамның қазасымен аяқталды. Ал аман қалған әйел адам ауруханаға жеткізілді.
Құтқарушылар ажал құшқан екі адамды су түбінен кеше алып шықты, қазіргі кезде көлде үшінші адамның мүрдесін іздеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, көл суының тереңдігі 5 метрге дейін жетеді.