Қостанай облысында көпіршік кешінде тоқ соққан 9 жастағы қыз қайтыс болды


Айта кетейік, 25 тамыз күні Қостанай облысына қарасты Ұзынкөл кентінде Жастар күні атап өтілген болатын. Мерекеге орай ұйымдастырылған көпіршік кешінде 9 жастағы қызды тоқ соқты. Іс-шарада кезекшілік еткен дәрігерлер оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, 9 жастағы қыз аудандық ауруханаға жатқызылған болатын.