Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 25 жастағы қыз көліктің жылдамдығын асырып жіберу салдарынан тізгінге ие бола алмай, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. " 14 және 13 жастағы екі бала оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлайды тәртіп сақшылары.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мас күйінде көлік айдаған қыз кеудесінен жараланып, облыстық ауруханаға жатқызылды. "Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр, тергеу амалдары жүргізулуде", - деп хабарлайды мекеме.
Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың алты айында Қостанай облысында 305 жол апаты болып, соның салдарынан 43 адам, соның ішінде 4 бала көз жұмған. Сонымен бірге 400 астам адам түрлі дәрежеде жараланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті